АТБАСАР ӨҢІРІ 

АТБАСАР ӨҢІРІ – Сарыарқаныңқуаң дала белдеміндегі көтеріңкі келген жазық. Оның солтүстігінде Көкшетау қыраты, оңтүстігінде Теңіз-Қорғалжын артезиан алабы, батысында Терісаққан өзеніжәне шығысында Нұра өзеніжатыр. Абсолюттік биіктігі 450 м. Палеозойдыңэффузиялық шөгінді жыныстарының жер бетіне жақын жатуына байланысты онда жер асты суы мол. Жазықта оңтүстік қуаң дала белдеміне тән қара және кәдімгі қара топырақ қалыптасқан. Қара топырақты жерлері толығымен игерілген. Табиғи өсімдік жамылғысы негізінен бетеге, боз, бөдене шөп, қызыл бояу, қырғыз бетегесі, көде, еркек шөп, т.б. өсімдіктерден тұрады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *