АТБАСАР ҚОРЫҚШАСЫ

АТБАСАР ҚОРЫҚШАСЫ – шаруашылыққа пайдалануға болатын табиғи аумақ. Атбасар  қорықшасы 10 жылға арналып, 1976 жылы Ақмола облысы Атбасар ауданында құрылған. Ауданы 75 мың га. Қорықшада оны мекендеген аңшылық-кәсіптік жануарларға, ұя салатын құстарға түлеу, қыстауы кезінде, балықтардың уылдырық шашуына қамқорлық жасалған.Негізгі жер бедері – жусан мен бетеге аралас бозды дала, қырат бөктерінің таулы-тасты бөлігі, сулы және сай-сала шалғындары. Онда өсімдіктерден: қау, итсигек, теріскен, сондай-ақ қалың қараған мен тобылғы, т.б. өседі.Қорықшаның жер бедері жануарлар үшін де қолайлы. Онда суыр, ор қоян, түлкі, қарсақ, қоныс аудару кезінде ақ бөкен де тіршілік етеді. Құстардан қара және ақ қанатты бозторғайлар, дала құладыны, дуадақ, ақбас тырна, т.б. кездеседі. Дуадақ, ақбас тырна, жалбағай, тарғақ, т.б. сирек кездесетін құстар қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабын енгізілген. Қорықша аумағында аң аулауға тыйым салынған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *