АТБАСАР СЫРТҚЫ ОКРУГІ

АТБАСАР СЫРТҚЫ ОКРУГІ – Ресей үкіметінің «Сібір қазақтары туралы Ережесі» (22.7.1822) негізінде қазақ даласында құрылған (1859) әкімшілік-территориялық бөлік. Батыс Сібір губернаторлығы территориясында ашылған ең соңғы (8) округ. Қазақ даласын отарлауды одан әрі тереңдете түсу үшін Аманқарағай округінің дуаны Құсмұрын көлінің жағасына көшіріліп, ол Құсмұрын округі деп аталған болатын. Құсмұрын дуаны Омбыдан 900, өзінің шеткі болыстары мен басқа округ дуандарынан 600 – 800 км қашықтықта жатты. Мұндай жағдайда даланы басқару қолайсыз болғандықтан он жылдан астам уақыттан кейін Омбыоблыстық басқармасы округ дуанын Атбасарға көшіруге шешім қабылдады. Атбасар сыртқы округі 1859 жылы ашылды. Құрамына Қызылтас, Қоқан, Жырық, Бекназар, Қарабала, т.б. болыстар енді. Ресей императоры қол қойған «Далалық облыстарды басқару туралы Ереже» (21.10.1868) бойынша округтер таратылғанда бұл болыстар жаңадан құрылған Ақмола облысының құрамына қосылды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *