АТАҚ

АТАҚ — жеке тұлғаларға немесе ұжым, топтарға қандай да бір атқарған қызметі, сіңірген еңбегі үшін берілетін ресми баға. Атақ тағайындау, оны беру және одан айыру тәртібі, сондай-ақ әртүрлі атақ дәрежелеріне байланысты құқықтар мен міндеттер заң және нормативтік актілермен белгіленеді. Құрметті, әскери, ғылыми, арнаулы, жеке, кәсіби, спорттық, академиялық атақ, әртүрлі сыйлықтардың, конкурстардың лауреаттарына берілетін атақ, дипломатиялық атақ т.б. түрлері бар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *