АТАХАНОВ Нуритдин Мұхаметқалиұлы (31.01.1905, Өскемен қаласы- 20.7.1974, Семейқаласы) — актер, Қазақстанның халық артисі (1958). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.1924 — 34 ж. әр түрлі орындарда қызмет атқарған.1922 ж. сахналық жолын Өскемен қаласындағы қазақ-татар труппасының спектакльдеріне қатысудан бастады.1930 — 40 ж. Алматы, Қарқаралы, Қарағанды, Семей, Павлодардағы қазақ театрларында жұмыс істеген.Атаханов сомдаған бейнелер ұлттық болуының айқындығымен, табиғи шынайылығымен ерекшеленеді.Абай (М.Әуезовтің »Абай» трагедиясында),Кебек («Еңлік -Кебекте»),Казанцев («Түнгі сарында»),Құнанбай («Абай» бойынша),Амангелді (Б.Майлин мен Ғ.Мүсіреповтің »Амангелдісінде»),Қодар,Қарабай, Науан, («Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Ақан сері — Ақтоқтысында»),Бекзад (Н.Хикметтің «Махаббат жайындағы аңызында»).
Атаханов режиссерлік жұмыспен айналысып, Әуезовтің «Айман — Шолпан» (1936) мен «Түнгі сарын» (1937), Мүсіреповтің «Амангелді», Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат» (1946) пьесаларын және Е.Г. Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Ер Тарғын» операларын қойған. 1958 ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Атаханов «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.