АТАУ , логикада — белгілі бір затты, материалдық объектіні кең ауқымды мағынасында таныта алатын сөз. Логик. семантикада “семантикалық үшбұрыш” дейтін ұғым бар: атау; атау білдіретін зат (денотат, яғни десигнат); атаудың мәні. Термин білдіретін объект термин денотаты деп, термин білдіретін қасиет — терминнің мағынасы деп есептеледі.
Қандай да болсын болмыс түрін төрт нәрсе белгілейді: атауы, әлпеті, сапа-қасиеті, мән-мағынасы. Атау бұлардың өзінен кейінгі үшеуін де қамтитын болғандықтан, ол ең маңыздысы болып табылады.