АТАПАСКЛЕР

АТАПАСКЛЕР (өз атауы — дене, на-дене — адамдар) — үндіс тайпаларының бірлестігі. АҚШ-тың Нью-Йорк Мексика,  Аризона штаттарын, Аляска мен Канаданы мекендейді. Жалпы саны — 220 мың адам (1992). 210 мыңы АҚШ-та тұрады. Тілі үлкен үш топқа бөлінеді. Кейбір зерттеушілер барлығын “на-дене” семьясына жатқызады. Жартысы христиан (протестант, католик) дінін, жартысы дәстүрлі наным-сенімін ұстанады. А-дің ата-бабалары Азиядан Америка құрлығына ең соңғы өткен тайпа болып (б.з.б. 5-4 мың жылд.) есептеледі. Олар үшке бөлініп қоныстанған. Субаркт. аймақтарда — чипеваяктар, тацаноптиндер, эптачареоптиктер, догрибтер, каучадиндер, тцаптиндер; Кордильярде — назанилер, секанилер, талтандар, цецауттар, такулдар, чилкотиндер; Аляскада — кепайлар, кучиндер, ингаликтер, птуптчондар мекендейді. Солт. А. қамашаудан (резервациядан) тыс, тарихи мекендерінде тұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *