АТАМЕКЕН [араб, мәкан — орын, жай] – туған жер, өлке. Түркі қауымына ортақ «ата» сөзімен қосылып, әуелде «ата қоныс» ұғымында қолданылған. Кейін келе мәні кеңейіп, ата-бабалар ғұмыр кешкен, олардың өз ұрпақтарына мәңгілікке қалдырған иелігі, ең қымбат мұрасы» деген ұғымды білдіретін термин ретінде орныққан. «Ата» — көне түркі дәуірлерінде әрі қолбасы, әрі елбасы болған кісілер есіміне жанама қосылатын атау. «Ата сөзі тіркескен қасиетті орындардың бәрі де сондай адамдардың бәрі де сондай адамдардың аттарымен байланысты болып келеді. А. осындай жерді, мекенді киелі рухқа теңеуден шыққан. Демек ол – ұран тектес сөз. Бұл әсіресе, ежелден аталар рухына – аруаққа сыйынған түркі қауымдарына тән нәрсе. А. көне замандарда ру, тайпа иелегіндегі белгілі –бір аймақ, өңір болса, бертін келе туған жер, Отан ұғымдарының баламасына айналған. Ол еліміздің, мемелкеттілігіміздің негізі. Аумалы-төкпелі заманда империялық отаршыл және кеңестік қызыл саясат салдарынан шетке ауып кеткен қандас бауырлар Қазақстанның егемендік алуына орай өз А-не қайтып оралуда.