АТАЛА – бидай, арпа, жүгері ұнынан дайындалатын тағам. Оны дайындау үшін қой майын қазанға қыздырып, үстіне мөлшерлеп бидай ұны салынады да, ол қызарғанша қуырылады. Аз-аздап су құйып, үздіксіз араластырып отырады. Кейде су орнына сүт құяды. А. кедей адамның күнделікті асы болған. А-ның шипалық та қасиеті бар. Ауырып, әлсіреген адамға күшті тамақ берудің алдында А. ішкізген. Сондай-ақ А. жас босанған әйелдерге де беріледі.