АТАЙ

АТАЙ (т.ө.ж.б.) - ақын, 15 ғ-да өмір сүрген. Ежелгі Сайрамда дүниеге келген. Өз заманында оқыған, терең білімді адам ретінде аты мәшһүр болған. Атай орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің қалаларында оның ішінде Самарқанда да біраз тұрып, қызмет атқарған. Бізге ақынның «Диуан» деп аталатын өлеңдер жинағы жеткен. Бұл жинақтың түпнұсқасы Санкт-Петербургтегі Ресей Ғылым Академиясының Шығыстану институтында сақтаулы. Ақынның махаббат, табиғат, сұлулықты мадақтайтын ғазалдары өзбек тіліне аударылып, бірнеше рет жарық көрді. Атай шығармалары, қазақ әдебиетіне тіл жағынан да түр жағынан да жақын. Қазақ ауыз әдебиетінде ерте қалыптасқан «айтыс», «жар-жар» сияқты өлең түрлерін өз шығармаларында жиі қолданған.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *