АТАБАСКА (ағылш. Athabasca River, фр. rivière Athabasca) — Канаданың батысындағы өзен. Ұзындығы 1231 км, су жинау алабының ауданы 153 мың км². Жылдық орташа су ағыны мөлшері 900 м³/с (сағасында). Сеңгір тауларының алдыңғы жоталарынан бастау алады. Ұлы жазықтыңсолтүстік бөлігін кесіп өтіп, Атабаска көлінің батыс жағалауына құяды. Өзен негізінен қар суымен толығады, көктемде тасиды. Желтоқсан – көкек айлары аралығында суы қатып жатады. Маусым айында ериді.