АТА — туыстық қатынасты білдіретін атау. 1)әкенің әкесі немесе ағасы;2)ерлі-зайыптылардың қайын әкесі (қ. Қайын ата); 3)қадірлі қарт. Кіші ұрпақ үшін ол әрдайым А. дәрежесінде болады; 4)адамдардың туыстық, қандастық жігі; 5) ру тармақтары; 6) Ежелгі, байырғы деген сөздердің баламасы (Ата мекен, ата кәсіп).