АСФАЛЬТ

АСФАЛЬТ (грек. (sphaltos — тау шайыры) — минералдық заттардың (әктас, құмтас т.б.) битуммен қоспасы. Ол табиғи және жасанды болып екі түрге бөлінеді. Асфальттың табиғи түрі мұнайдың қысым әсерінен жер бетіне шығуына және оның жеңіл бөлшектерінің ауаға ұшуына байланысты пайда болады. Ол әр түрлі (құм, топырақ т.б.) заттармен араласуынан қоюланып жер бетінде үлкен-кішілі төбешіктер күйінде кездесетін асфальтитке айналады. Асфальттың жасанды түрі — ұсақталған минералдық заттар мен битумның қоспасынан алынатын байланыстырғыш материал. Асфальтты құм, қиыршық тас т.б. араластырып автомобиль жолдарына, еденге, шатырға төсейтін құрылыс материалы ретінде пайдаланады. Асфальт кен орындары Қазақстанның мұнайлы өңірлерінде (Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе) кездеседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *