АСТЫҚ ҚОҢЫЗЫ

АСТЫҚ ҚОҢЫЗЫ (лат. Anisoplia agricola) – 

  қанаттылар сабының тақтамұрттылар тұқымдасына жататын қоңыз. Астық қоңызы астық тұқымдас өсімдіктердің зиянкесі. Қазақстанда кең тараған. Көбінесе далалы, орманды-далалы аймақтарда көптеп кездеседі. Дернәсілдері топырақта тіршілік етіп бидайдың, т.б. өсімдіктердің тамырымен қоректенеді. Әсіресе оның балапан құрты астық дақылдарының көгін қиып тастайды. Дернәсілдері 2 жыл қатарынан қыстап, мамыр айында топырақ бетіне шығады. Ұшып шығысымен бидай, сұлы, арпа сияқты дақылдардың дәнімен қоректенеді, ұрғашылары 10 – 50 данаға дейін жұмыртқа салады. Егістікке инсектицид шашу, аңызды терең жырту арқылы Астық қоңызының залалын азайтуға болады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *