АСТРОНОМИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАР

АСТРОНОМИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАР — астрон. бақылауларға және оларды өңдеуге арнлаған құрал-жабдықтар. А. қ-ды бақылау аспаптарына (телескоптарға), бақылауға арналған көмекші құралдарға, жарық қабылдайтын және оны талдайтын аппаратураларға, уақыт құралдарына, лабораториялық құралдарға, көмекші есептеуіш машиналарға және көрнекті құралдарға топтап бөлуге болады. Оптикалық телескоптар зерттелетін аспан шырақтарының жарығын жинауға және олардың кескіндерін түсіруге арналған. Олар оптикалық схемалары бойынша айналық жүйе (рефлекторлар), линзалық жүйе (рефракторлар) және аралас айналы-линзалы жүйе (Шмидт телескопыМаксутов телескопы т.б.) болып ажыратылады. Телескоптар қолданылуына қарай бірнеше түрге бөлінеді (қ. Телескоп). 20 ғ-дың орта кезінде жасалған дүние жүзіндегі ең үлкен оптикалық телескоп — Маунт-Паломар обсерваториясындағы (АҚШ) айнасының диаметрі 5 м-лік рефлектор. 1970 жылдары КСРО-да Солт. Кавказда диаметрі 6 м-лік рефлектор құрастырылдыАспан объектілерінің координаттарын анықтау және уақыт қызметін жүргізу үшін меридиан дөңгелегіпассаждық аспаптар, вертикаль дөңгелектер, зенит-телескоптарзениттік көру түтіктеріпризмалық астролябия т.баспаптар қолданыладыАстрономиялық-геодезиялық экспедицияларда пассаждық типтес аспаптар, зенит-телескоптар, теодолиттер пайдаланыладыКүнді бақылайтын ірі телескоптар мұнаралық және горизонтальдық телескоптарға бөлінедіОлардағы жарық бір немесе екі жылжымалы жазық айналармен бағытталып жіберіледі. Күн тәжі мен хромосфераныбақылау үшін коронограф, атмосфжәне фотосфералық телескоптар қолданылады. Тез қозғалатын Жердің жасанды серіктері арнаулы фотокамерамен суретке түсіріледіАспан объектілерін бақылағанда кейбір көмекші құралдар да (окулярлық микрометрлеркассетелар т.б.), сондай-ақ жарықты қабылдайтын және оны талдайтын аппаратуралар да (астроспектрографтаробъективтік призмаларпайдаланыладыЕжелгі дәуірлерде уақыт құралдары күн сағаты, гномон болдысонан соң Күннің не жұлдыздың аспан меридианымен қиылысу мезеті қабырғалық квадрантпен анықталдыҚазіргі астрономияда бұл мақсат үшін пассаждық аспаптар қолданыладыУақытты анықтайтын дәл маятникті приборлар ретінде Шорт сағаты, Федченко сағаты ұзақ уақыт бойы пайдаланылып келдіҚазір олардың орнын кварц сағаты және молекулалық (немесе атомдықсағат ауыстыра бастадыБақылау нәтижесінде алынған фотосуреттерді өңдеу үшін лабораториялық құралдар — аспанның бір учаскесінің екі фотосуретін салыстыру үшін блинк-компараторларспектрограммадағы спектрлік сызықтардың толқын ұзындығын өлшеу үшінкомпараторлар, спектрограммадағыспектр қарқындылығының таралуын өлшеу үшін микрофотометрлержұлдыз жарықтылығын оның фотографиясы бойынша анықтау үшін жұлдыздықмикрометрлерт.бқолданыладыБақылау нәтижелерін өңдеуге байланысты есептеулер жүргізуге арналған есептеуіш машиналар пайдаланыладыКөрнекті құралдар қатарына Күн жүйесінің моделі теллурий және стронқұбылыстарды сфералық күмбездің ішкі бетінен көрсетуге мүмкіндік беретін планетарий жатады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *