АСТРОГРАФ

АСТРОГРАФ(грек. аstro және grаpho — жазамын) — аспан денелерін суретке түсіруге арналған астрономиялық құрал. Ол рефрактор, рефлектор не айналы-линзалы телескоп сұлбасы бойынша құрастырылады. Окуляр орнатылған жағына фотопластинкасы бар кассета қойылады. А-тың аспан сферасының тәуліктік қозғалысына ілесе айналып отыруы дәл жүретін сағат механизмімен атәарылады және әондырғыдағы негізгі оптикалыә түтікке параллель орнатылған екінші оптикалық түтік арқылы тексеріледі. А-тың негізгі сипаттамасы — объективтің фокус аралығы. Жұлдыздармен планеталардың қалпын, қозғалысын өлшеу үшін қарапайым А. (фокус аралығы 3,5 м), аймақтық А. (фокус аралығы 2,0 м) пайдаланылады. Ал жұлдыз параллаксінжәне қос жұлдыздарды анықтау үшін ұзын фокусты А. (фокус аралығы 10-15 м) қолданылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *