Астраханка 

Астраханка — Ақмола облысы Астрахан ауданының және Астрахан ауылдық округі орталығы. 

Астана қаласының солтүстік-батысында 137 км жерде, облыс орталығы — Көкшетау қаласынан 250 км жерде, Есіл өзенінің оң жағасында орналасқан. Ең жақын темір жол бекеті — Жалтыр (12 км).Тұрғыны – 6,5 мын адам (1997). Құрылыс, автокөлік кәсіпорындары, ауданы байланыс бөлімдері, баспахана, тұрмыстық комбинат, жер суару жүйесінің басқармасы жұмыс істейді. 3 жалпы білім беретін және музыка мектебі, 5 балабақша, кәсіптік-техникалық училище, мәдени-спорт кешені, мәдениет үйі, кинотеатр, 7 кітапхана, 3 емдеу-сауықтыру мекемесі, тарихи-өлкетану мұражайы, қонақ үйі, т.б. бар. 2-дүниежүзілік соғысы мен Ауған соғысының құрбандарына ескерткіш орнатылған. Ауыл арқылы Алматы — Екатеринбург, Астана – Атбасар автомобиль жолы өтеді.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *