АСТАУ

АСТАУ — 1) ағаштан ойылып жасалған, ас салатын ыдыс; 2) мал суғаруға қолданатын науа. Мұның бірнеше түрі бар: ағаш астау, тас астау, темір астау, цемент астау.Ағаш астау — ағаштан ойылып не тақтайдан қиюластырып жасалады. Қоныс аударғанда алып жүруге қолайлы болу үшін А-дың екі басына дөңгелек орнатады. Тас астау табиғи тастан қашалып, ойып жасалады. Темір астау қаңылтырдан жасалады. Цемент астау кірпіштен қаланып, цементпен сыланады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *