АССОНАНС (французша assonance, латынша assono – үйлесім) – өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы. Ассонанс сөздің интонация-музыка мәнін, экспрессивтік-эмоционалдық бояуын күшейтіп, ерекше елеулі тұстарды дыбыстандырып, ой-сезімнің әсерлілігін арттырады. Мыс., «Еңсесі биік ақ орда, Еңкейіп сәлем бер сана. Ернеулі жұқа сары аяқ, Ер сарқытын бер сана».