АССИМИЛЯЦИЯ

АССИМИЛЯЦИЯ (лат. assimilatio — ұқсасу, сіңісу, сіңу, т.б.) саны аз, саяси-әлеуметтік ахуалы төмен халықтың өзінен саны да, қуаты да көп халықтың басыңқы ықпалы нәтижесінде сол халық құрамына біртіндеп сіңіп, жұтылып кету құбылысы. 

Ассимиляция барысында бір халық өзінен үлкен екінші доминант халыққа сіңіп кетіп, ана тілін, әдет-ғұрпын, дінін, мәдениетін, өзіндік сана-сезімін, т.б. ұлттық ерекшеліктерін жоғалтады. Ассимиляция екі жолмен жүреді: күштеу арқылы немесе табиғи жолмен. 

Көптеген елдерде ұлттық езгі және діни қысым жағдайында күштеп А. жасау орын алады. Дәл осындай процесс Аустрия империясында, кейін Аустро-Мажарстанда, патшалық Ресейде жүрді. Ол қазір де кейбір елдерде жалғасып отыр. Мыс., Испания, Грекия т.б. Бұрынғы КСРО мен кейбір социалистік елдерде де мұндай процесс орын алды. Қарамағында ұсақ ұлттар бар бірқатар елдерде Ассимиляция табиғи жолмен жүзеге асты. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *