АССАМДЫҚТАР 

АССАМДЫҚТАР (ассамитэ, ахомийа) — Үндістандағы Ассам штатында тұратын халық. Саны — 14,55 млн. адам (1992). Бутанда (220 мың адам) және басқа елдерде де тұрады. Еуропа расасының Жерорта теңізі нәсіліне жатады. Үндіеуропа тілдерінің үндіарий тобына кіретін ассам тіліндесөйлейді, жазуы — көне үнді жазуының ассамдық нұсқасы. Будда дінін ұстанады. Ассам штатында б.з.б. 1-мыңжылдықтан бері белгілі халық. 13 ғ-да Бирмадан шыққан моңғол текті ахомолардың жаулап алуы негізінде Ахома мемлекетін құрды. Негізгі кәсібі — егіншілік, Ассам шайын өсіреді. Жұмыс көлігі — буйвол, өгіз. Үйді өзен жағаларына, тіректердің үстіне топырақ төсеп, бамбуктен салады. Ұлттық тағамы — күріш. Касталарға бөліну қатаң сақталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *