«АТЫРАУ» — Атырау облысының қоғамдық-саяси газеті. Алғашқы саны «Ерік» деген атаумен 1923 ж. сәуірдің 1-ші күні шықты. 1924 ж. тамыздың 23 — «Жұмыскер тілі», 1930 ж. қыркүйегінен «Жем жұмысшылары», 1932 ж. сәуірдің 16 — «Ленин жолы», 1933 ж. қыркүйектің 16 — «Социалистік құрылысқа», 1933 ж. қарашаның 5 — «Социалды құрылыс», 1963 ж. мамырынан — «Коммунистік еңбек» деген атаумен, ал 1990 ж. маусымның 30 бері «Атырау» деген ағымдағы атаумен шығып келеді. Ұзақ жылдар аптасына 5 рет шыққан газет соңғы жылдар бері аптасына үш рет шығады. Ол 1923—30 жж. — уездік, 1930—33 жж. — аудандық, 1933—38 жж. — округтік (аймақтық), 1938 ж. бері — облыстық газет. «Атырау» газеті Қазақстанның батыс өлкесіндегі алғашқы ұлттық басылымдардың бірі. Оның негізін қалап, материалдық базасын жасақтап, алғашқы нөмірлерін шығарған 1923 ж. Гурьевуездік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Төлепкерей Өтеулиев. «Еріктің» № 1 санының бас мақаласын жазған да сол. «Тірлік осымен табылады» деп аталған осы бас мақалада негізгі ой «Халықтың оқу-білімінің маңызы, ерікті ел болудың басты шарты-оның сауаттылығында». Газет обл. Көлеміндегі экон.- әлеум. Реформаның барысын, өңірдегі мұнай-газ өндіру кешендері мәселелерін жазады