АТМАЙЫ

АТМАЙЫ — дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан салт. Бай, дәулетті адамдар тұрмысы жұтаң, жоқ-жітік, ағайын-жекжаттың, ауылдастарының әл-ауқатын көтеру, жәрдем беру мақсатымен оларға уақытша пайдалануға мал бөліп берген. Көшпелі шаруашылықты ұйымдастырудың табиғи-геогр. ерекшеліктерінен туындаған бұл дәстүр біртіндеп әлеум.-құқықтық нормаға айналған. А. ретінде алынған мал өзара келісімге орай иесіне жалқы күйінде, яки, бұрынғы санымен, кейде өсімімен, яки, төлімен қайтарылуы мүмкін. Кгер әл-ауқаты жақсарып, дәулеті жете тұра, борышкер А-н қайтарылып бермесе, малдың түп иесі билер сотының төрелігіне жүгінуге құқылы болған. Бірақ, бұл сирек кездескен. “Малым — жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы” деген тәмсілді қағида тұтқан қазақ халқы А-н келісілген мерзім ішінде қайтаруды адамгершілік парыз санаған.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *