АТЛАНТ МАҢЫ ОЙПАТЫ — Америка Құрама Штаттарының шығысындағы ойпат. Атлант мұхитынжағалай, Флорида түбегінен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Ені 30 км-ден 350 км-ге жетеді. Негізінен теңіз шөгінділерінен (әктас, құмтас, саз т.б.) түзілген. Жер бедері тегіс (ең биік жері 100 м), жағалауға жақын жері сазды-батпақты келеді. Климаты субтропикалық муссонды, ал Флориданың оңтүстігінде – тропикалық. Орташа температурасы қаңтарда 0°С-дан (солтүстігінде), 20°С-ға дейін (оңтүстігінде), шілдеде 22–28°С аралығында. Жауын-шашынның мөлшері 1000-1400 мм. Қарағай мен емен ормандары басым, батпақты жерлер де кездеседі. Атлант маңы ойпатына мақта, темекі, көкөніс пен жеміс-жидек өсіріледі. Тұрғындары тығыз орналасқан. Ірі қалалары: Нью-Йорк, Филадельфия, Балтимор, Вашингтон т.б.