АТАСТЫРУ — қазақ халқының дәстүрлі ғұрыптық салты, қыз бен жігіт ата-аналарының өз балаларын бір-біріне үйлендіру жайында ақ ниет, жарқын үмітпен күні бұрын уәделесуі, жігіт атын қызға, қыз атын жігітке естіртуі. Мұндай келісім ұл мен қыздың жас шағында, тіпті бесіктегі кезінде жасала берген. Егер қыздың ата-анасы ұлдың ата-анасының тілегін қабылдап, өскенде қызын беруге келіссе, қыз бен жігіт атастырылған болып саналып, алдын ала қалың мал төленген. Атастырылған жастар есейе келе міндетті түрде қосылатын болған. Сыралғы адамдар сізден қыз, бізден ұл (немесе керісінше) туса, бас құрғызайық деп, тіпті тумаған балаларын да атастыра берген.