АСТРОНОМИЯЛЫҚ ТАҢБАЛАР — астрономиялық әдебиеттер мен күнтізбесінде (календарьларда) қолданылатын шартты белгілер. А. т-дың көпшілігі ерте заманда-ақ шыққан. А. т. шоқжұлдыздардың, аспан денелерінің аттарын, ай және аптадағы күн аттарын т.б. белгілеуге пайдаланылады.