МҰНАЙ-ГАЗ КЕНІ

МҰНАЙ-ГАЗ КЕНІ — Маңғыстау обл. Ақтау қ-нан оңт.-шығысқа қарай 55 км жерден 1969 ж. ашылған кен орныОл солт.-батыс бағытта созылған, тектоник. бұзылыс арқылы оқшауланған ассимметриялық антиклинальдік иілімді алып жатырКөлбеу жазықтықтағы өлшемдері 7×2,5 км. Юра шөгінділерінде орналасқан өнімді қабаттары құмтас пен алевролиттен тұрады. Орта юра жүйесінің қимасында 9 өнімді қабат бар, оларда жарылымдармен, сұйық және газ өткізбейтін қабаттармен оқшауланған 16 кен шоғыры анықталғанКоллекторлардың кеуектілігі 18 — 21%, өткізгіштігі 0,009 — 0,046 мкм2тиімді қалыңд. 2,5— 36 м. Бастапқы қабат қысымы 15,99 — 22,9 мПа, темп- расы 70 — 90°С, ұңғыманың тәуліктік мұнай өнімд. 4 — 104 м3Мұнайдың меншікті салм. 0,857 — 0,905 г/см3шайырлылығы 12,6 — 23,9%, парафині 18,8 — 22,6%, күкірті аз. Газдың құрамындағы метан 75 — 80%, ауыр көмір-сутектер 11 — 20%, азот 4,24 — 8,08%, көмірқышқыл газ 0,17%. Кен орнынан 1973 ж- дан мұнай мен газ өндіріледі. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *