ИСЛАМ ХАЛИФАТЫ

ИСЛАМ ХАЛИФАТЫ (араб.: خلافة إسلامية‎) — халифалар басқарған араб-мұсылман мемлекеттерінің Еуропа елдеріндегі атауы. Мұхаммед пайғамбар Батыс Арабияда құрған мұсылман қауымы (Умма) Араб халифатының ең алғашқы түп негізі болды.

632 — 56 жылдардағы халифаттың астанасы — Мединеқаласы Араб жорықтарының бірінші кезеңінде халифаттың құрамына Ирак, Иран түгел дерлік, Кавказ сыртының басым бөлігі, Сирия, Палестина, Египет кірді, ал екінші кезеңінде оған Солт. Африка, Пиреней түбегінің көп бөлігі, Орта Азия, Табарстан, Джурджан (Горган), Синд қосылды. Халифат тұсында ислам дінінде сунниттер мен шииттердің, хариджиттердің алғашқы діни-саяси ағымдары және түрлі халифаттар (Омейя әулеті халифаты (929 — 1031), Аббас әулеті халифаты (750), Фатима әулеті халифаты (909 — 1171), Кордова халифаты), Сасани, Тулуни, Әли әулеті, Тахир әулеті, Самани әулеті т.б. билеген мемл-тер мен жергілікті әмірліктер пайда болды. 1258 ж. Хулагу хан бастаған моңғол әскерлері Бағдадты алып, Аббас әулетінен шыққан соңғы халиф Мұстасимді өлтіргеннен кейін А. х. мемл. ретінде жойылды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *