АҢ (Theria) — еті мен терісі үшін ауланатын түз жануарлары. Қазақ халқы терісі үшін ауланатын орташа сүтқоректілер (құндыз, суыр, күзен, бұлғын, кәмшат, сусар түлкі, қарсақ, т.б.) мен терісі, еті, мүйізі үшін ауланатын жануарларды (қарақұйрық, акбөкен, елік, арқар, таутеке, құндыз кәмшат, марал, бұлан, т.б.) да А. деп атаған. Қазақстанда кейін арнаулы А. өсіру фермалары құрылды. Онда А. өсірудің екі әдісі: торда және жартылай еркіне жіберіп өсіру қолданылады. Күміс түсті қара түлкі, көгілдір түлкі, бұлғын, қара күзен т о р д а өсіріледі. Ал жартылай еркіне жіберіп өсіруде А-ның негізгі тобы торда болады да, жаз бен күзде ересегі мен жасы еркіне жіберіліп, бірге бағылады. Республикада дайындалған А. терілерінің 12 — 15%-і жабайы аңдардың, 82 — 85%-і қолда өсірілетін аңдардың үлесіне тиеді.