АҢЫРАҚАЙ

АҢЫРАҚАЙ —Жамбыл обл-ның Шу ауд. жеріндегі тау сілемі. Шу — Іле тауларының оңт.-шығыс бөлігіндегі тарихи жер аты. Абс. биікт. 1295 м. Ұз. 75 км, ені 5 км. Архей гнейстері мен кристалды тақтатастардан түзілген. Беткейлерінің оңт,- батысы жазық, солт.-шығысы құлама жар, қорым тасты, шынды келеді. Қиыршық тас араласқан қоңыр топырағында жусан, бетеге, селеу, қараған, тобылғы, ал тау аңғарларында бұта аралас қау өседі. А- дағы Итішпес көлінің маңында 1729 ж. (кейбір деректерде 1730 ж.) қазақ жасақтары жоңғар басқыншыларын ойсырата жеңген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *