“АҢШЫБАЙ БАТЫР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰРПАҚТАРЫ”— Мұрын жырау Сеңгірбаевтан жазып алған “Қырымның қырық батыры” топтамасына енетін көлемді жыр. 1942 ж. ақын М.Хакімжанова хатқа түсіріп, Д. Сеңгірбаев тексеруінен өткен. 7 — 8 буынды жыр, 11 буынды қара өлең өлшемімен жырланған эпик., туындының басты ерекшелігі тарихилығы. Жырдың генеал.негізде топтастырылуы соның көрінісі. Аңшыбай, Бабай Түкті Парпария, Құттықия, Едіге, Нұрадин, Мұсахан, Орақ, Мамай, Қарасай, Қази — бәрі де бір ата тектен тараған батырлар. Жырдың бастапқы бөлігі аңыздық эпик. желіге құрылса да, өзге салаларының тарихилығы үстем. Тоқтамыс, Сәтемір, Ағыбай, Қожан, Шаппаз, Шамақан — тарихи прототипі бар тұлғалар. Жырдың этник. сипаты да айқын: ноғайлы — сол тұстағы түркі тайпаларының этник. бірлестігіне тән суперэтноним болса, қалмақ пен қызылбас аллоэтнонимдері — қазақ халқының эпик., жауларына тән атаулар. Жырдың тарихи-этник. арқауы ондағы толып жатқан ономастик. атаулардан да байқалады (Хиуа, Үргеніш, т.б.) . Осының бәрі — жырдың тараған аймағы, геогр. шегін де айқындап түрған мәліметтер. Жыр нұсқасы ҚР ҒМ — ҒА-ның қолжазбалар қорында сақтаулы (№ 667 папка), 1989 ж. “Батырларжырының” 5-томындатолықжарияланған.