АҢДАТУ

АҢДАТУ — әдеби шығарманың беташары секілді, негізгі оқиғаға тікелей қатынасы жоқ кіріспе бөлігі. Мұнда, әдетте, оқиға желісінің бағыт-бағдарын алдын ала аңғарту мақсатымен бұрынырақ болған кейбір жайлар баяндалады. Мысалы: “Еңлік — Кебек” дастанының бас жағындағы “Әңгіме алдында аз сөз” деген кіріспе аңдату ретімен берілген. Шәкерім ақын мұнда өткен істен кейінгілер үлгі алуы қажет екенін айтып, біраз толғана келіп, қазақ пен қалмақтар арасында соғыс болған кезде көп елдің, оның ішінде арғындардыңда, бұрынғы қонысынан ауа көшкені туралы баяндалады. Қалмақтар жеңіліп шеттетілген соң, Шыңғыс тауының маңына наймандар келіп, олармен таласа тобықтылардың да Шыңғысқа көз тігіп, сол жақтан орын тепкенін әңгімелейді. Кебек тобықты ішіңде жуантаяқруынан, ал Еңлік айттырылып қойған найман (матай) елінің қызы болғандықтан, осы екі рудың шиеленіскен қарым- қатынасының түпкі себебі аз сөзбен дастанның басында аңғартылған. А. — қазақ әдебиеттану ғылымына Ахмет Байтұрсынов енгізген атау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *