АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ [apparatus digestorius (sistema digestorium)] — организмді қоректік заттармен қамтамасыз ететін органдардың біртұтас жиынтығы. Адамның А. қ. ж-ндегі өңештің, асказанның және ішектердің жалпы ұз. 8 — 12 м-дей болады. А. қ ж-не ауыз қуысы мен оның ішіндегі органдар (тіл, тіс, без), жұтқыншақ, өңеш, асқазан, жіңішке (он екі елі, т.б.) және жуан (соқыр, тоқ, тік) ішектер, бауыр, ұйқы безі, сондай-ақ өт қалтасы кіреді. Ауыз қуысында тістердің көмегімен тамақ ұнтақталып, езіледі, тіл арқылы сілекеймен араластырылады. Тамақ ауыз қуысынан жұтқыншаққа, одан кейін өңештен өтіп, асқазанға түседі. Асқазанда тамақ сұйық немесе ботқа тәрізді қоспаға (химус) айналып, онда аз бөлігі ғана сіңіріледі. Ішекте тамақ ұйқы безі мен ішек бездерінің сөлдері және өттің әсерінен одан әрі толық хим. өңдеуден өтіп майдаланады да, ішек бүрлері арқылы қан, лимфа тамырларына сіңіріледі. Өнделмеген және сіңірілмеген ас калдықтары нәжіске айналып, сыртқа шығарылады.