АСҚАРОВ Асанбай

АСҚАРОВ Асанбай (15.9. 1922, Жамбыл обл. Мерке ауд. Тәті а.) — мемлекет қайраткеріСоциалистік Еңбек Ерісоғыс ардагері, ақын. СОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген (1954). Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда әскери-саяси қызметкер, 1946 — 51 ж. Жамбыл обл-да ауд., обл. комсомол к-ттерінің хатшысы, 1954 — 58 ж. Красногор, Мерке ауд. партия к-ттерінің бірінші хатшысы, Жамбыл обл. атқару к- тінің төрағасы, 1959 — 85 ж. Қазақстан компартиясы Жамбыл, Алматы, ОңтҚазақстан обл-тары к-ттерінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. 23 жыл бойы КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. А. Қазақстанның әлеум,- эконжәне мәдени дамуына елеулі үлес қосты. 80-жылдардың орта кезінен қуғындалып, “парақорлығы және мемлмүлкін талан-таражға салғандығы” үшін деген айыппен қамауға алынды. 1987 ж. сәуір айынан 1991 жылғы тамызға дейін абақтыда отырды. А-ка тағылған жала 80-жылдары белең алған қазақ зиялыларын қуғындаудың құрамдас бөлігі едіТергеу кезінде оған Желтоқсан көтерілісін (1986) ұйымдастыруға қатыстылығыұлтшылдығы сияқты “кінәлар” тағылды. А-қа тағылған айыптың мүлдем негізсіздігі анықталыпҚырғыз РеспЖоғарғы соты төралқасының шешімімен ол толық ақталды және азаматтық құқықтары калпына келтірілді. А. бірнеше көркем және публицист. шығармалардың авторы, Мұхаммед Хайдар Дулати атындқордың президенті, Шымкент және Тараз қ-ның құрметті азаматы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *