АСҚАЗАН РАГЫ

АСҚАЗАН РАГЫ — ең жиі кездесетін қатерлі ісік. Ол қышқылдығы төмен асқазанның созылмалы қабынуымен (атрофиялық), ойық жарамен, политермен ұзақ мезгіл сырқаттанушыларда жиі пайда болады. Ісіктің клиникалық белгілері оның асқазандағы орналасқан жеріне байланысты. Егер ісік асқазанның өңеш бөлімінде орналасса, алдымен төстің астыңғы жағында аурулық сезім, ал өңешке тараса, тағамның түйіліп өту белгілері байқалады. Ісік асқазанның ұлтабарға жақын жерінде орналасса, тағамның асқазаннан ішекке өтуінің тежелуіне байланысты науқастың ішінің кебуі, кекіруі, жүрек айнып құсуы, тамаққа тәбеттің болмауы сияқты белгілер болады. А. р. рентгендік, эндоскопиялық, цитологиялық, гистологиялық және ультрадыбыстық тәсілдермен анықталады. А. р-ның I, II, III даму сатыларында хирургиялық операция (гастроэктомия, резекция) жасалады. II және III даму сатысындағы науқастарға операциядан кейін 4 — 5 дүркін хим. препараттар (фторурацил, адриамицин, т.б.) қосындысы беріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *