АСҚАБАҚТАР ТҰҚЫМДАСЫ

АСҚАБАҚТАР ТҰҚЫМДАСЫ (лат. Cucurbitáceae) – қос жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер тұқымдасының ғылыми атауы. Кейде бұта не кішігірім ағаш түрінде өседі. 

90 туыс, 700 түрді біріктіреді. ТМД елдерінде табиғи 29 және мәдениетті түрлерінен 5 туыс түрлері, Қазақстанда – 4 туыс, 6 түр өсіріледі. Асқабақтар ылғалды және қоңыржай құрғақ Азия, Африка және Американың тропикаларында өседі. Қоңыржай климатты елдерде шектеулі түр сандары кездеседі, олар асқабақ, қияр, қауын сорттарының түрлерімен белгілі. Асқабақтар — өрмелегіш өсімдіктер, жапырақтары кезекті, жай, саусақ салалы жүйкеленген. Әрбір жапыраққа сол буыннан қарама-қарсы бұтақталған немесе бқұтақталмаған шығу тегі сабақ мұртшалары қандай да бір тіректі шырмала өседі. Гүлдері актиноморфты, дара жынысты, бір үйлі, кейде қос үйлі. Гүл қоршауы қосарлы, бес мүшелі, тостағаншасы азды көпті кіріккен; күлтелері біріккенкүлте. Аталық гүлдерінде андроцейі 2 аталықтан, олардың 4-нің жібі жұбымен өседі. Аналық гүлде аталықтары редукцияланған. Гинецейі ценокарпты, 3 кіріккен жемісжапрақшадан түзілген. Түйіні төменгі, бір ұялы, үш қабырғала плаценталы. Тұқымбүрі көптеген. Бағаналары кіріккен, бірақ аналық аузы жемісжапрақшаларының санына тең. Көптеген асқабақтардың құрамында әртүрлі физиологиялық әсері бар кукурбитацин заты болады. Тұқымдас жемісі тамаққа қолданылатын бақшада өсетін түрлерімен бағалы. Өкілдері: қарбыз, қауын, асқабақ, люффа. Көкөністік өкілі – қияр Асқабақтар тұқымдасының Қазақстанда 9 туысы, оның ішінде қауын, қарбыз, асқабақ, қияр, сәнқабақ, қабақ қолдан егілсе, ал атпақияр, итжүзім, қоңыраусары жабайы түрде өседі. Асқабақтар тұқымдасы бағалы бау-бақшалық, тағамдық, сондай-ақ мал азықтық, дәрілік, сәндік өсімдіктер болып бөлінеді. Кейбір түрлерінің тұқымдарынан тағамдық және техникалық май алынады, ал кейбір түрлерінен арнайы ыдыстар (ожау, т.б.) жасалынады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *