АСПАРА (Chesneуa) — бұршақ тұқымдасына жататын шөптесін өсімдіктер. Батыс Тянь-Шаньда қиыршық тасты, саз балшықтытау беткейлерінде кездеседі. Қазақстанда 3 түрі: үшқұлақ аспарасы (C.ternata), Борисова аспарасы (C.borіsovae), жоңғар аспарасы (C.dchungarіca) бар. Олар Жоңғар Алатауының оңтүстік-батыс жағында Моншасай шатқалында, Қызылауыз маңайы мен Шолақ тауының шөлді жерлерінде, жартасты беткейлерінде, жыралар бойында өседі. Биіктігі 8-15 см, ақжібек түсті, сабағы қысқа болады. Домалақша келген ұзынсағақты, түкті 3-4 жұптан тұрады. Жапырақтарының жоғарғы шеті ойма немесе дөңгелек келеді. Мамыр айында гүлдейді, шілдеде жеміс береді. Сопақша жеміс бұршағының ұзындығы 6-9 см. Аспара өте сирек кездесетін өсімдік түрі болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.