АСПАП — адамның күнделікті тіршілігінде
қолданылатын құрал немесе машинаның белгілі бір жұмыс атқаратын тетігі. Аспаптың кесетін (кескіш, бұрама тескіш, кергі, фреза т.б.), жағатын (штамп, дөңгелетпе т.б.), ажарлайтын (ажарлауыш дөңгелек, ажарлауыш білеу т.б.), соғатын (балға, қашау, ойғыш т.б.), бекітетін-қысатын (станоктардың қысатын патрондары, кескіш-ұстағыш, қысқыш, кемпірауыз т.б.) түрлері бар. Сондай-ақ ғылым мен техникада әр түрлі өлшеулер жүргізуге және басқадай амалдар жасауға қолданылатын приборлар, құралдар мен құрылғыларды да аспап дейді. Музыкада аспаптың жеке (домбыра, қобыз, шаңқобыз, сырнайт.б.), камералық-ансамбльдік, оркестрлік (бас домбыра, альт-домбыра, баян, барабан т.б.) түрлері бар.