АСПАПТЫҚ МУЗЫКА - арнайы музыкалық аспаптарда орындау үшін жазылған шығарма. Аспаптық музыка жеке аспаптық (сүйемелдеумен немесе сүйемелдеусіз), ансамбльдік және оркестрлік болып бөлінеді. Ол көлемі жағынан кішігірім музыкалық пьесадан ірі музыкалық формаларда (соната, концерт, симфония, т.б.) жазылады. Аспаптық музыка қазақтың кәсіби музыкалық өнерінде екі ішекті домбыра күйінен күрделі симфонияға дейін өсу жолынан өтті. Қазақстан композиторлары халық музыкасы негізінде аспаптық шығармалар жазу арқылы ұлттық рухани байлықты одан әрі дамытуда.