АСПАПТАУ - музыкалық шығарманы үрмелі, ішекті халық аспаптары немесе симфониялық оркестрлердің құрамына сай лайықтап, әр аспапқа бөліп жазу.Бұл кезде композитор немесе аспаптаушы маман оркестр құрамындағы әр аспаптың дыбысталу ерекшеліктерін, диапазонын, үн-бояуын, орындау мүмкіндіктерін мұқият ескеруі қажет. Шығарманың оркестрде үйлесіп, жағымды естілуі ауылы шеберлігіне байланысты. Композиторлар тәжірибесінде шығарманы оркестрге арнай жазудың екі түрлі үлгісі қалыптасқан: бірінде фортепьяноға лайықталған клавирі жазылып, артынан оркестрге арналып аспапталса, екіншісінде жаңа шығарманың оркестрге арналған партитурасы жазылады. Белгілі бір музыкалық аспапқа арналып жазылған шығарманың оркестрге түсірілуі де мүмкін.