АСПАН МЕХАНИКАСЫ 

АСПАН МЕХАНИКАСЫ — астрономияның гравитациялық өрістегі Күн жүйесі денелерінің қозғалысын зерттейтін бөлімі. «Аспан механикасы» деген атауды ғылымға алғаш рет 1798 ж. француз ғалымы П. Лаплас енгізген. Құйрықты жұлдыз, жасанды жер серіктері т.б. үшін гравитациялық күштен басқа реактивтік күш, сәуле қысымы, масса өзгерісі т. б. ескеріледі. Аспан механикасының зерттейтін проблемасына гравитациялық өрістегі аспан денелерінің жалпы мәселелері (n дене есебі, жеке жағдайда үш дене немесе екі дене есебі), нақты объектілердің (планеталар, жасанды жер серіктері т. б.) қозғалысы, астрономиялық тұрақтылардың мәндерін анықтау, эфемеридті құрастыру жатады. 20 ғасырдың ортасынан Аспан механикасының жаңа саласы — релятивистік Аспан механикасы дами бастады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *