АСПАН КООРДИНАТТАРЫ 

АСПАН КООРДИНАТТАРЫ — аспан сферасындағы шырақтар мен қажетті нүктелердің орнын анықтауға қолданылатын сандар. Оларды анықтау үшін әр түрлі жүйе қолданылады. Горизонтальдық жүйеде негізгі дөңгелекке шын горизонт SWNE (1-сурет), полюс үшін бақыланатын жердің зениті (Z) алынады. Сонда о шырағының биіктігі (h) мен азимуты (А) оның координаты болады. h биіктігі горизонттан шыраққа дейін осы шырақ вертикалының бойымен саналады (горизонт үстінде һ оң, оның астында теріс таңбамен алынады). А. азимуты оңтүстіктің S нүктесінен батысқа қарай шырақтың вертикалына дейінгі горизонт доғасымен саналады. Көбінесе һ биіктігінің орнына Z= 900 — һ зениттік қашықтық қолданылады. Экваторлық жүйеде (1-және 2-жүйе) негізгі дөңгелек үшін аспан экваторы Q Q Q1 (2-сурет), полюс үшін дүниенің солтүстік полюсі (P) алынады. Осы 2 жүйеге ортақ координаттардың бірі — аспан шырағынан экваторға дейінгі бұрыштық қашықтық — еңісу ( ). Ол аспан экваторынан шыраққа дейін еңісу дөңгелегінің бойымен саналады (аспанның солтүстік жарты шарында ы оң, оңтүстігінде теріс таңбамен алынады). Экваторға перпендикулярболып, дүние полюстерін басып өтетін үлкен дөңгелектер еңісу дөңгелегі деп аталады. Кейде -ның орнына P= 900— полярлық қашықтық қолданылады. 1-экваторлық жүйенің екінші координаты үшін сағаттық бұрыш (t) алынады, ол горизонт аспан координаты мен экватордың қиылысу нүктесінен бастап, шырақтың еңісу дөңгелегіне дейін экватордың бойымен саналады. 2-экваторлық жүйенің екінші координаты үшін шарықтау (е) алынады, ол күн мен түннің көктемгі теңелу нүктесінен ( ) шырақтың еңісу дөңгелегіне дейін экватор доғасымен саналады. t аспан сферасының көрінерлік тәуліктік айналу бағытымен, ал ) оған қарама-қарсы бағытпен саналады. Эклиптикалық жүйеде негізгі дөңгелек — эклиптика EиE1( 3-сурет). E шырағының координаттары үшін эклиптикалық ендік ( ) пен эклиптикалық бойлық ()) алынады. ) эклиптикадан шыраққа дейінгі бойлық дөңгелек бойымен, ал күн мен түннің көктемгі теңелу нүктесінен шырақтың бойлық дөңгелегіне дейін Күннің көрінерлік жылдық қозғалысының бағытымен саналады. Бұлармен қатар координаттары шамамен анықталатын галактикалық жүйе де қолданылады. Прецессиянутация, жарық абберациясы, жарық рефракциясы және аспан шырағының меншікті қозғалысы салдарынан А. к. әр түрлі өткізгіштерге ұшырайды. Олар аспан шырағының орнын анықтағанда ескеріледі. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *