АСКОРБИН ҚЫШҚЫЛЫ

АСКОРБИН ҚЫШҚЫЛЫ, С витамині, С6Н806 — организмге аса қажетті витаминдердің бірі. Ол жетіспеген жағдайда адам құр құлақ ауруына шалдығады. А. қ-ның организмнің тыныс алу процесіне де тікелей қатысы бар. Адам күнделікті асымен 50 — 100 мг А. қ-н сіңіру керек. А. қ. өсімдіктерде көмірсулардан түзіледі, сондай-ақ синтездеу жолымен де алынады. Ол итмұрын, қарақат, лимон, алхор, т.б. жемістерде, қымыздықта, сәбіз, көк пияз, капуста, помидор, т.б. көкөністердің құрамьпща мол болады.  

АСКӨК (Anethum) — шатыршагүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Шыққан жерлері — Сирия, Түркия, Үндістан. Қазақстанда иісті А. өседі. Оның сабағының биікт. 40 — 120 см болады, бұтағы тік келеді. Өткір хош иісті. Жапырақтары жіңішке, үшкір, көп тілімді, түсі жасыл. Гүлдері майда, ашық сары, қос жынысты. Тұқымдары ұсақ сопақша, түсі сұрғылт қоңыр, тұқымының айналасы жұқа қатпарлы қабатпен көмкерілген. Аскөк құнарлы топырақта 2 – 3 жыл бойы өседі. Жасыл жапырақтарында аскорбин қышқылы, каротин, хош иісті дәм беретін эфир майлары бар. Аскөк тұқымын күзде немесе ерте көктемде 10 – 12 күн аралығында, бірнеше қайталап себеді. Жапырақтарын биіктігі 15 см-ге жеткенде 25 – 30 күннен кейін, ал тұқымдарын 80 – 120 күннен кейін жинап алады. Аскөкті тағамға көктей не өңделген түрде қосады, көкөністердітұздауға дәмдеуіш ретінде пайдаланады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *