АСБҰРШАҚ 

АСБҰРШАҚ (Pisum) — бұршақтар тұқымдасына жататын бір жылдық немесе көп жылдық өсімдік. Шыққан жері — Ауғанстан, Эфиопия, Үндістан. А. көкөніс дақыл ретінде 18 ғ-дан кеңінен белгілі. Қазір дүн. жүзінде 6 — 7 түрі бар. Қазакстанда егістік (P. sativum) және далалық А. (Р. аrvense) өсіріледі. А. суыққа төзімді, сабағы шөптесін, төрт қырлы, жайылмалы немесе тік бұтақты болып келеді, биікт. 15 — 250 см. Жапырағы күрделі, қос тілімді. Тамыр жүйесі — тік шашақты. Өздігінен тозаңданады, гүлдері ақ немесе күлгін түсті, жапырақ қолтықшасында орналасады. Тұқымы ірі, өнгіштігін 5 — 6 жылға дейін сақтайды. Жемісі — бұршақ. Жемісінің құрамында 20% кұрғақ зат (белок, клетчатка, көмірсу, күл, т.б.) бар. Сондай-ақ Вь В2, Р, С, витаминдеріфоли қышқылы, биотин және токоферол да кездеседіЖемісі көктейөңделген (консервіленген, мұздатылғантүрде пайдаланыладыҚазақстанның Жамбыл, ҚызылордаҚостанай, Атырау обл-тарында А-тың аудандастырылған сорттары (Қарағанды-1053, Өзбектік-71, мал азықтық-24, т.б.) өсіріледі. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *