АСБЕСТ

АСБЕСТ (грек. asbestos -сөнбес,

бұзылмас)  силикаттар класының серпентиндер мен амфиболдар топтарындағы аса жіңішке талшықты минерал. Асбест грекше asbestos –дегенді білдіреді. Химиялық құрамы жөнінен магний мен темірдің, ішінара натрийдің сулы силикаты болып табылады. Серпентин тобындағы хризотилабсеттің химиялық формуласы: Mg6[Sі4O10] [OH]8. Ол монклиндік сингонияда кристалданады, кесектерінің түсі жасыл, сұрғылт сары келеді, ажыратылған талшықтары – ақшыл, боз, жібектей жылтыр. Қаттылығы 2 – 2,5, тығыздығы 2,4 – 2,6 г/см3, талшықтары иілгіш, майысқыш, балқу температурасы 1500oС-қа жуық, жылу мен электр тогын нашар өткізеді. Талшықтарының ұзындығы 50 мм-ге, кейде 250 мм-ге жетеді. 14 минералды қамтитын амфибол асбесттің қышқылға төзімділігі мен жылуға беріктігі аса жоғары. Олардың ішіндегі ең маңыздылары әрі көбірек пайдаланылатындары – крокидолит, антофиллит, амозит, родусит. Хризотил-асбест гидротермалдық ерітінділердің әсерінен серпентинденген, магнитке бай ультранегізді жыныстарда, доломиттенген әктастарда, ал амфиболасбест шөгінді және метаморфтанған магмалық жыныстарда кездеседі. Хризотил-асбесттен отқа, ыстыққа төзімді тоқыма бұйымдары, құрылыс материалдары, қағаз, резина, пластмасса, электр техникасы, асбестцемент бұйымдарына толтырма дайындайды. Амфибол асбестті жылу мен отқа, жебір ортаға (қышқыл, сілті, теңіз суы) төзімді бұйымдар жасауға қолданады. Қазақстандағы Жітіқара хризотил-асбест, Бөгетсай антофиллит-асбест, Қумола родусит-асбест кендерінің өндірістік маңызы зор.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *