АСАН АТА КЕСЕНЕСІ

АСАН АТА КЕСЕНЕСІ, Қызылорда обл,  Шиелі ауданы «Бәйгеқұм» кеңшарынан 5 км жерде «Жеті әулие» қорымында орналасқан. Жергілікті халық оны Асан Қайғы есімімен байланыстырады. «Жеті әулие»қорымында Оқшы ата, Абыз ата, Қыш ата, Қайып атакесенелерімен қатар орналасқан. Аспан ата кесенесінен «Іңкәрдария» ұжымшарының жанындағы Сырлытам ескерткішімен салыстыруға болады. Бұл порталды-күмбезді құрылыс, қызыл кірпіштен, шаршы үлгіде (9,5х 10,5) салынған. Аспан ата кесенесінің де алдынғы бетінде кіреберіс аркалы порталы болғаны аңғарылады. Қазір оның тек екі жақ іргелік қалдықтары ғана сақталған. Кесене күйдірілген тақта кірпіштен қаланған. Шаршы үлгіде, аумағы 11,5х 7,30, биіктуған 7,60 м. Іргеліктен 3 м жоғары кірпіштерді тігінен өріп, белдеу жасаған. Асан Қайғының баласы Абатқа арналып салынған «Абат байтақ» (Ақтөбе облысы Қобда ауданы) пен Сыр бойындағы Алпамыс батырдың жары Гүлбаршынға арналған дейтін Көккесене ескерткішіне (аңыздың тағы бір нұсқасы бойынша Сырлытам да Гүлбаршынға арналған) өте ұқсас. Негізі бұлар екі түрлі сәулет үлгісімен бір заманда дүниеге келген болуы да мүмкін. Аспан ата кесенесі 1982 жылы мемлекеттік қорғауға алынған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *