АСАДАЛ - тамақ және ыдыс-аяқ сақтайтын үй жиһазы, кебеженің түрі. «Ас» және «адал» деген сөздерден құралған. Үстіңгі бөлігі Арыстан баб кесенесі қақпақталып, шебердің немесе мүлікті жасатушының мүмкіндігіне қарай оның бетіне түрлі нақыштар салып, сүйекпен, қаңылтырмен, әр түрлі тастармен безендіріледі, әр түрлі бояумен бояп жиһазға эстетикалық өң беріледі. Төменде (сұрақтарының ұзын-қысқалығына қарай) бір-екі бөлік жасалады. Асадалды түркі халықтарының бәрі пайдаланған.