АРҚАРЛЫ ЖОТАСЫ — Балкаш — Алакөл ойысындағы ұсақ шоқылы таулар. Ең биік жері 758 м, ұз. 60 — 65 км, ені 20 км. Жота оңт.-батыстан солт.-шығысқа қарай созылып жатыр. Солт. беткейі көлбеу, оңтүстігі тіктеу сай-жыралармен тілімденген. Жота карбон шөгінділерінен түзілген. Құмдауыт сұр топырағында бұйырғын, жусан, баялыш өседі.