Арқан тартпақ — 1) қазақ халқының ұлттық ойыны. Оған қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді де, он құлаштай арқанның екі ұшынан ұстап, әрқайсысы өз жағына тартады. Ортадағы көлденең сызықтан қарсыластарын бұрын сүйреп өткізген жақ жеңген саналып, жүлде алады. 2) Ескі кәде. Күйеу қалыңдық алып бара жатқанда, оның көші қыз жағына жақын бір ауылдың үстінен өтсе, алдынан көлденең арқан тартады. Күйеу жағы кәдесін беріп өтеді. Мұны “арқан керу” деп те атайды.