АРҚАН

АРҚАН– қылдан, мақтадан, зығыр талшықтарынан, т.б. бұрап есілетін бұйым. Арқан есу қазақ халқының тұрмысында ерте заманнан бері қолданылған. Арқан жасау үшін алдымен жеке өрім жіптер ширатып алу керек. Ширатылған 3 – 4 тіл бір-бірімен өріліп біріктіріледі. Арқанның жуанд. 10 — 60 мм-ге дейін болады. Жіңішке А., көбінесе, үй шаруашылығында пайдаланылады. Син- тет. А. 15 мм-ден жуан болмайды. Синтет. А. өндірісі Қазақстанда бірінші рет Шымкент жіп иіру фабрикасында 1964 ж. игерілді. 

Арқан аттау — қазақ халқының ұлттық ойыны. Ойыншылардың біреуі қойшы болып тығылып тұрады да өзгесі керілген арқаннан қорыққан қасқыр болып ойнайды. Қайсысы арқанға бұрын шырмалып қалса, сол қойшының қолына түскен болып саналады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *